ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
11
марта
2026

 Мектебімізде  ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар уақытша қашықтықтан оқыту форматқа ауыстырылды.
Оқу процесі белгіленген кестеге сәйкес толық көлемде ұйымдастырылуда.

232233

https://www.instagram.com/p/DVJCG_3CMF0/?igsh=d3RzOHQwbzQxeWx4

11
марта
2026

🔬 Жаратылыстану-математикалық апталығы – ғылым мен ізденістің жарқын көрінісі!
Апталық барысында оқушылар химиялық тәжірибелер жасап, қызықты зертханалық жұмыстар орындады. Танымдық ойындар мен интеллектуалдық сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылып, әр қатысушы өз білімін, логикасын және белсенділігін көрсетті.
Химия – тек формула мен реакция ғана емес, ол – тәртіп, жауапкершілік, қауіпсіздік және ұқыптылық. Осындай іс-шаралар арқылы біз оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып қана қоймай, адал азамат, білімді әрі саналы тұлға қалыптастыруға үлес қосамыз.
✨ Біртұтас тәрбие – сапалы білімнің негізі!
✨ Ғылымға қадам – болашаққа қадам!

https://www.instagram.com/reel/DVAtF97iDmT/?igsh=MXU4ZHVxcGJnYTBhbg==

11
марта
2026

Бүгін мектебімізде — География күні! 🗺 Оқушылар үзілісте қызықты ойындарға қатысып, карта арқылы әлемді зерттеді. Материктер мен елдерді жылдам тауып, білімдерін дәлелдеді!
География — тек пән емес, ол әлемге ашылған терезе 🌎

https://www.instagram.com/reel/DU5pCqyCMuj/?igsh=MXA1eG80OXNyeHlhYg==

11
марта
2026

Үзілісте қызықты ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, логикалық тапсырмаларды орындады 🧠✨
Ойын арқылы — білімге қадам! 

https://www.instagram.com/reel/DU5TjwFCGUf/?igsh=MTkzcnZkNmo3aGI5ag==

11
марта
2026

📢 Жаратылыстану-математикалық апталыққа шақырамыз!
16–20 ақпан аралығында өтетін апталық аясында сіздерді қызықты зияткерлік ойындар, танымдық сайыстар және ерекше шаралар күтуде.
Білім мен ғылым әлеміне бірге қадам жасайық! Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

https://www.instagram.com/reel/DU2SbbTCN2-/?igsh=MTVmdGxiMWU2c3Q4NA==

11
марта
2026

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жас ұстаздарының бір күні.

https://www.instagram.com/reel/DUuojNsCNHJ/?igsh=cHhjamYweDJtOXh1

11
марта
2026

Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2025–2026 оқу жылында математика-жаратылыстану бағытындағы оқу пәндері бойынша зертханалық талдау, жинақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. География пәнінен глобустармен және физикалық карталарды кеңінен қолдана отырып, әлемді , жерді тану мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Химия пәнінен «Металдардың химиялық қасиеттері» тақырыбы аясында зертханалық тәжірибелер жүргізіліп, металдардың белсенділігі бойынша қышқылдармен, сілтілермен, оксидтермен және тұз ерітінділерімен әрекеттесу ерекшеліктеріне тәжірибе жүзінде дәлелденуде.
Биология сабағында тіршілік әлемі жасушалардан тұратынын дәлелдеу мақсатында сабақ барысында тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен микропрепарат дайындап, микроскоп арқылы жасуша құрылысын бақылау жүргізді.
Сонымен қатар инклюзивті білім беру бағыты аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып, әрбір білім алушыға қолжетімді әрі сапалы білім беру ортасы қалыптастырылуда.

https://www.instagram.com/reel/DUsIOP1COZB/?igsh=cXBhZGx4ODF0b2h4

© 2026. Все права защищены.