2026 жылғы 6 сәуірде мектебімізде Шарбақты ауданының жалпы орта мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі мазмұнды кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге «Торайғыров университеті» КЕАҚ өкілдері қатысып, болашақ түлектерге бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында оқушылар жоғары оқу орнына түсу ережелерімен, ҰБТ өту балдарымен, білім беру бағдарламаларымен және университеттің қызықты да қарқынды студенттік өмірімен кеңінен танысты. Университет өкілдері әрбір оқушының көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етті.
Бұл кездесу – оқушылар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын, арманға қанат бітіретін маңызды қадамдардың бірі болды. Жастардың білімге деген құлшынысын арттырып, болашаққа сеніммен қадам жасауына серпін берген тағылымды шара ретінде есте қалды.
https://www.instagram.com/reel/DW3m6tDiPm2/?igsh=MWszMDF5aTFzcmtuNA==




