ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

Шарбақты ауданында Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында сәуірдің 14-і күні аудан педагогтеріне арналған мазмұнды және тәжірибелік семинар өтті. Іс-шара білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану мәселелеріне арналды. Семинарды «Шарбақты аудандық оқу-ағарту қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» мен «Шарбақты ауданының білім беру бөлімі» бірлесіп ұйымдастырды. Бұл бастама педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және заманауи білім беру үрдістерін енгізуге бағытталды.

Семинардың негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы білім беру үдерісінің сапасын арттыру» болды. Мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу процесіне тиімді енгізу арқылы білім сапасын жақсарту.

Іс-шара барысында қатысушылар білім берудегі цифрлық платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын қарастырды. Сонымен қатар толықтырылған шынайылық (AR) технологияларын пайдалану тәжірибесі де көрсетілді.

Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, әсіресе физика және ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллектті қолдану жолдарын ұсынды. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдістер де талқыланды.

Мектебімізден атаулы іс-шараға бастауыш сынып мұғалімі Айтжанова М.Д. «Білім берудегі цифрлық платформалар» тақырыбында қатысып, ЖИ құралдары арқылы сабақтағы тапсырмаларды қалай қызықты әрі мазмұнды етіп өткізуге болатынын көрсетіп шықты, сондай –ақ технология сабағында 3D суретті  пайдалануға болатынын көрсетті.  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бегалинова А.А. «Ағылшын тілін оқытуда AI VIBE CODING технологиясын қолдану» тақырыбында қосымшаға тіркелуден бастап тапсырманы жүктеуін рет-ретімен түсіндіріп, бөлісті. Семинар кәсіби пікір алмасу алаңына айналып, қатысушыларға жаңа идеялар мен практикалық шешімдер ұсынды. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, рефлексия жүргізілді. Қатысушылар семинардың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қорытындылай келе, мұндай іс-шаралар білім беру жүйесін жаңғыртуға, педагогтердің кәсіби өсуіне және заманауи технологияларды тиімді қолдануға зор мүмкіндік береді.

© 2026. Все права защищены.