Бастауыш сынып апталығының қорытындысы ретінде
2–4 сынып оқушылары арасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби кеш өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, оның мол мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру болды.
Кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқап, қарасөздерін нақышына келтіріп жеткізді. Оқушылардың сахналық мәдениеті, шығармашылық қабілеті мен өнерге деген қызығушылығы ерекше байқалды.
Барлық қатысушы оқушыларға белсенділігі мен еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DXB_fP_iH05/?igsh=c2Y2ejF5eWUxc3E3




