Павлодар облысында педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және озық тәжірибелерді тарату мақсатында облыстық «Педагогикалық шеберлік» конкурсы өткізілді. Аталған байқау білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді анықтауға және педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды. Аталған конкурсқа біздің мектептен 7 педагог қатысып, өз тәжірибелері мен әдістемелік жұмыстарын жоғары деңгейде ұсынды. Қатысушылар өз жұмыстарын әртүрлі бағыттар бойынша ұсынды. Атап айтқанда, инклюзивті білім беру, функционалдық сауаттылық, құндылыққа тәрбиелеу, білім берудегі менеджмент секілді маңызды бағыттар қамтылды. Байқау екі кезеңнен тұрды: сырттай және күндізгі. Педагогтер байқаудың әртүрлі бағыттары бойынша бақ сынап, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сырттай кезеңде қатысушылардың жұмыстары сараптамалық кеңес тарапынан бағаланып, үздік жұмыстар келесі кезеңге өтті. Күндізгі кезеңде педагогтер өз жобаларын қорғап, тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар әдістемелік әзірлемелерін, дидактикалық материалдарын және педагогикалық тәжірибелерін таныстырды. Бағалау барысында жұмыстардың өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және нәтижелілігі ескерілді.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік педагогтер анықталып Г.С, Амренова мен А.А Абдугалиеваға сертификаттар табысталды.
«Педагогикалық шеберлік» облыстық конкурсында «Бастауыш білім беру» бағыты бойынша Айтжанова Махаббат Дауреновна ІІІ дәрежелі дипломмен және «Ағылшын тілі» бағыты бойынша Жумангалиева Айгерим Бегендыковна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар педагог мәртебесін көтеріп, білім беру саласының дамуына оң ықпал етеді.
Бұл – мектеп ұжымының білім беру сапасын арттыру жолындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары: Жумангалиева А.Б.
.




