2026 жылғы 16 сәуірде 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жоспардан тыс жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылып, жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
– қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен талаптары;
– 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық деңгейі және оқу жетістіктерін арттыру жолдары.
Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылында 4, 9, 11-сынып бітірушілерінің «Соңғы қоңырау» және қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі талаптарды қатаң сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді:
– педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға және қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
– аниматорларды, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді;
– мектептің ішкі қажеттіліктеріне (жөндеу жұмыстары, санитарлық-шаруашылық заттар) байланысты білім алушылардан қаражат жинауға тыйым салынады;
– оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және өзге де орындарға баруға рұқсат етілмейді;
– мектеп ішінде де, мектептен тыс жерде де ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және осы мақсатта қаражат жинауға жол берілмейді;
– қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылардың мектеп формасын сақтауы, тәртіпті және жауапкершілікті болуы міндетті.
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының барлығына бірдей қатысты және бұл шектеулер педагогикалық әдепті сақтау, әділдікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілгендігі баяндалды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтау және оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі ескертілді.





