1 “Б” сыныпбында математика пәнінен “20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту” тақырыбында ашық сабақ өтті.
1 “Б” сынып оқушыларының математикалық білімінің негізін қалыптастыруда маңызды орын алады. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсілдерін меңгерту, есептеу дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ барысында оқушылар сандар қатарын қайталап, 20-ға дейінгі сандардың құрамын оқуды үйренді. Екі таңбалы сандарға, бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуға дағдыланды. Оқушылар қарапайым есептер шығару арқылы білімдерін тәжірибеде қолданады.
Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, әртүрлі ойын элементтері енгізіледі. Бұл әдістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді.
Сабақ соңында оқушылардың білімдері қорытындыланып, кері байланыс жүргізіледі. Осы тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар 20 көлеміндегі сандарды еркін қосып, азайта алады және қарапайым есептерді өз бетінше шығара біледі.
https://www.instagram.com/p/DW6NcsWCKTu/?igsh=aHJkaTJlbW83bzQz




