Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
2025-2026 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері
Республика көлемінде:
- 2025 жылғы 9-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында көрсеткен ерекше жетістігі үшін Қанат Жанеля грамотамен марапатталды. Пән мұғалімі: А.М.Есимханова.
- 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында өткен республикалық VI облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларының «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу қатысып, қатысушы сертификатына ие болды. Пән мұғалімі:Серигхан А.С.
Облыс көлемінде:
- «Ертіс-Дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Зерде» 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстар конкурсынан 5-сынып оқушысы Жаров Нұралы туризм және спорт секциясында ІІІ орын алды, жетекшісі А.А.Абдугалиева;
- 2025 жылғы 22 қазанда облыстық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар зияткерлік конкурсы өтті. Қорытынды бойынша 10-сынып оқушысы Радат Алмаз ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі А.А.Абдугалиева.
- 2025 жылғы 27-31 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орын, пән мұғалімі Ж.М.Камелева; орыс тілінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля І орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова. 11-сынып оқушысы Абдугалиева Аружан ІІІ орын, пән мұғалімі Н.О.Жакупова; 9-сынып оқушысы Серікбаева Диана ІІІ орын, пән мұғалімі А.М.Есимханова.
Республикалық кезеңде Қанат Жанеля Құрмет грамотасын иеленді.
- 2025 жылғы 12 желтоқсанда облыстық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты бойынша 11-сынып Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді (жетекшісі Ж.М.Камелева). «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ергенқызы Жансұлу бас жүлдені иеленді (жетекшісі А.С.Серигхан).
- 05-06.01.2026 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Бауыржанқызы Мөлдір ІІІ орынды иеленді, пән мұғалімі Ж.М.Камелева. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Қанат Жанеля ІІІ орынға тұрақтады, пән мұғалімі А.М.Есимханова.
- 2026 жығы 19 ақпанда 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі мен әдебиеті пәніне 5-сынып оқушысы Макишева Айжұлдыз ІІ орынды иеленді, пән мұғалімі – А.М.Есимханова.
- 2026 жылғы 30 наурызда «Менің Отаным – менің бастамам» облыстық байқауы өткізілді. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Отаным – қасиетті туған жерім» номинациясының жеңімпазы – Радат Алмаз. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері – Жаров Нұралы. «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясының жеңімпазы – Балагазина Зура. Байқау нәтижесі бойынша 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
- 2026 жылғы 03 сәуірде Ертіс дарыны және облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен STEAM ARENA олимпиадасында 6А және 6Б сыныптарынан жасақталған команда ІІІ орынды иеленіп, «Құрылыс шеберлері» номинациясымен марапатталды. Пән мұғалімдері С.Е.Макишева мен С.З.Амренов
- 2026 жылғы 10 сәуірде өткізілген «Жауқазын» олимпиадасынан МАД тәрбиеленушісі Даирова Нурия Аканова ІІІ орын иеленді, тәрбиешісі А.С.Амренова
- 2026 жылғы 24 сәуірде өткен облыстық «Жас кемеңгер» сырттай оқу мектебінің олимпиадасында математика пәнінен Жаров Нұралы І орын (Пән мұғалімі Г.Ж.Баталова), қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Болатжан Меруерт ІІ орын (Пән мұғалімі Серигхан А.С.), ағылшын тілі пәнінен Зинатұлы Әли ІІ орын, Жамихат Нұрлыжол ІІІ орын, Смаилов Ильяс ІІІ орынды (А.Б.Жумангалиева) иеленді.
- 2026 жылғы 28 сәуірде «Ел үміті» қоры бастамасы аясында Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушыларына арналған облыстық «Мың бала» олимпиадасы өткізілді. Облыстық кезеңге 4 оқушы жолдама алды. 6-сынып оқушысы Балагазина Зура «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы атанды.
- 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында өткен «Дүниежүзілік су күні» облыстық акциясының қорытындысы бойынша 11-14 жас аралығында ІІІ дәрежелі диплом иегері атанған 7-сынып оқушысы Нұрдыбек Айшуақ. Жетекшісі: Сермхаан Айнұр.
- 5-8 сынып оқушыларына арналған «PROECO» облыстық экологиялық жобалар конкурсында Болатжан Меруерт ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Пән мұғалімі Л.М.Муханова.




