ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
3
Қыркүйек
2026

Бүгін А. Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де ерекше толқынысқа толы, жүректе мәңгі сақталатын айтулы сәт. Биыл мектебіміздің табалдырығын 50-ге жуық оқушы алғаш рет аттап, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
Салтанатты жиынымызға арнайы қатысып, мектеп ұжымымен бірге жаңа оқу жылының қуанышын бөліскен қадірлі қонақтарымыз:
Тезекбаева Ерке Бахытбекқызы – білім беру бөлімінің әдіскері;
Баймбет Алмас Айтмухаметович – полиция бөлімі бастығының орынбасары;
Шадиев Жангельді Қасымұлы – Шарбақты станциясының көліктегі полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры;
Тусупбекова Зейнеп Шабашқызы, Бердыгожина Гульзада Қаруанқызы, Жусупова Майра Кабиболлақызы – ардагер ұстаздарымыз;
Куспеков Сағынтай Сағындықұлы – «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларымызға демеушілік көрсеткен азамат.
Салтанатты жиын барысында 1-сынып оқушылары ұстаздар мен қонақтарға арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқып, өздерінің алғашқы мектеп мерекесіндегі өнерлерін көрсетті. Ал екі бүлдіршініміз «Мектеп туралы» әнін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
2026–2027 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу құрметі 11-сынып оқушылары Радат Алмас пен Қанат Жанельге және 1-сынып оқушылары Кабдрахимов Арсен, Жанатбек Ханым, Баисов Расул, Курмангалиева Айзереге берілді.
Салтанатты жиында қадірлі қонақтарымыз мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Жаңа оқу жылы – жаңа білімнің, жаңа жетістіктердің, жарқын бастамалар мен биік белестердің бастауы болсын!
Барша ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, толағай жетістіктер тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/Dcvb2RBOfZ3/?igsi=MTkzb2Q5bGx6NnVleg==

мектеп5

21
Тамыз
2026

Бүгін ауданымызда жаңа оқу жылына арналған аудандық педагог қызметкерлердің дәстүрлі Тамыз кеңесі аудан әкімі С.Е. Иманқұловтың қатысуымен өтті.
Осы шара аясында мектебіміздің «Арт-студия» және «STEM зертханасы» үйірмелерінің оқушылары жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылардың шығармашылық ізденісін, еңбегін және заманауи технологияларға қызығушылығын танытатын жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
Бүгінгі көрме арқылы мектебімізде қолға алынған жаңа бағыттағы жұмыстар аудандық педагогтер қауымына таныстырылып, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік берді.
Көрмені тамашалау барысында аудан әкімі Сержан Ерғалымұлы оқушылардың жұмыстарына қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, аудан тұрғындарының назарын аударатын, көпшілікке қызықты болатын жаңа жобаларды қолға алуды ұсынды. Бұл ұсыныстар оқушылардың тың идеяларын дамытуға, өз еңбектерін одан әрі жетілдіріп, көпшілікке ұсынуына жаңа серпін береді деп сенеміз.
Жаңа оқу жылы жаңа ізденістерге, жақсы бастамаларға және нәтижелі еңбекке толы болсын!

https://www.instagram.com/reel/DcRO3UQONcR/?igsi=MTg1YXRyYmZnZ2V3dA==

14
Тамыз
2026

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Әр баланың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.
Сіздер акция аясында балаларға рюкзак, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары және басқа да мектепке қажетті оқу құралдарымен көмек көрсете аласыздар.
Көрсетілген әрбір көмек – бала үшін үлкен қуаныш, отбасы үшін маңызды қолдау. Өз мүмкіндігіңізге қарай жасаған қайырымдылық көмегіңіз арқылы бір баланың мектепке алаңсыз әрі толық дайындықпен баруына себепші бола аласыз.
Балаларға қолдау көрсетіп, олардың білім алуға деген алғашқы қадамына бірге демеу болайық. Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік күтудің қажеті жоқ. Кішкентай ғана көмек бір баланың көңіліне үлкен қуаныш сыйлауы мүмкін.
«Мектепке жол» – балаға қолдау, болашаққа жасалған қамқорлық!
Баршаңызды қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!
Бірге көмектесейік, бірге қолдайық!

жол

14
Тамыз
2026

11.08.2026 ж. Тікелей эфир архивінен.
«Мектепке жол» акциясы аясында жерлестермен және ата-аналармен тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфир барысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері, акцияның мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілген әлеуметтік қолдау аясында қаржылай көмек алған 81 оқушы бойынша жалпы мәлімет берілді. Аталған оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен киім-кешектерін алуына көрсетілген қаржылай көмектің маңыздылығы атап өтілді.
Тікелей эфир барысында ата-аналарға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарының ашықтығы мен жүйелілігі түсіндіріліп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға «Мектепке жол» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат беру және әрбір оқушының жаңа оқу жылына сапалы дайындалуына жағдай жасау.

https://www.instagram.com/reel/Db7qKyZM2lv/?igsh=aHFoOTY4cm00Y3k4

14
Тамыз
2026

мектепке

© 2026. Все права защищены.