Гуманитарлық апталық аясында тарих пәнінен 6, 7, 8, 9-сынып оқушылары арасында тарихи-танымдық сайыстар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын насихаттау, ата-баба аманатына адал болуға, олардың ерлігінен үлгі алуға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетуге, өткенге құрметпен қарап, тарихи оқиғаларды саралай білуіне мүмкіндік берілді. Әр сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салып, қазақ халқының тарихы, ұлы тұлғалары, ел тағдыры мен маңызды тарихи кезеңдерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Тарихи деректерді еске түсіріп, тапқырлық пен шапшаңдықтарын танытқан оқушылар белсенділікпен қатысты. Сайыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың іздену, ойлау, пікір білдіру және өз білімін еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпаққа «Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр» екенін ұғындырып, ел тарихын білу – әр азаматтың парызы екені насихатталды. Тарихы терең, тағылымы мол туған елдің перзенті болу – үлкен жауапкершілік.
https://www.instagram.com/reel/DdUUY1ouRnW/?stkn=emo4d256YXhvbGxo
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің
«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
|
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің
«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области




