Құрметті ата — аналар және оқушылар! Мектебімізде жазғы демалыс уақытында сауықтыру лагері жұмыс істейді. І — ауысым маусым айының 1— нен 20— на дейін, ІІ — ауысым шілде айының 1—нен 20 — сы аралығында. Сонымен қатар 7—10 сынып оқушыларына арнайы бейіндік отрядтар да бар. Балаларға жазғы демалысты қызықты өткізу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Сіздерді жазғы демалысты бізбен бірге өткізуге шақырамыз.
Қала сыртындағы өзіміздің аудандық "Чайка" лагері және Баянауылда орналасқан "Жас даурен" лагеріне де демалысқа баруға болады.






