2025 жылдың 16 қаңтарында Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті. Мақсаты: оқушылар арасында ұлы тұлғаның шығармашылығына, рухани мұрасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпақтың табиғи дарынын анықтау. Байқау нәтижесінде: 9-сынып оқушысы Жұмабекқызы Алина «Абайдың қара сөздері» бағытында І орын алып, республикалық кезеңге өтті.





