2025 жылғы 11–12 қараша күндері 5–6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Аталған олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау және оларды келесі кезеңдерге даярлау.
Олимпиадаға мектебімізден 23 оқушы қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетті. Қорытындысы бойынша 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І орын иегерлері:
Қуатәлі Нұрсылан (Қазақстан тарихы), Курмашев Айбар (жаратылыстану), Нурдыбек Әмір (математика), Макишева Айжулдыз (орыс тілі мен әдебиеті).
ІІ орын иегерлері:
Бектемирова Алана (орыс тілі мен әдебиеті), Болатжан Меруерт (қазақ тілі мен әдебиеті), Хамит Жансая (Қазақстан тарихы).
ІІІ орын иегерлері:
Буркутбаева Даяна, Кенжебай Ақманай (қазақ тілі мен әдебиеті), Зинатұлы Али, Жамихат Нұрлыжол (ағылшын тілі), Жаров Нұралы (Қазақстан тарихы), Баделхан Нұрсұлтан, Ырысбек Даурен (жаратылыстану), Мақашов Нұрислам (математика), Курмангазина Айерке, Мұхтар Інжу (орыс тілі мен әдебиеті).
Барлық жеңімпаздарды және оларды дайындаған ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!





