2025 жылғы 28 қараша күні мектебімізде Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ауданның білім беру ұйымдарының қатысуымен «Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» тақырыбында кәсіби-әдістемелік семинар өткізілді.
Бұл басқосу – жаңа идеялар мен заманауи тәжірибе тоғысқан, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берген маңызды алаң болды.
🔹 NIS педагогтері ұстаздарымызға әдістемелік қолдау көрсетіп, тиімді оқыту тәсілдерімен бөлісті.
🔹 Ауданның магнит мектептері де қатысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.
🔹 Семинар аясында біздің педагогтеріміз Назарбаев Зияткерлік мектебінің мамандарының алдында ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибесін ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
🔹 Тірек мектеп ретінде осындай ауқымды шараны қабылдау – ұжымымыздың кәсібилігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Білім сапасын арттыру жолындағы ортақ еңбегіміз алдағы уақытта да жалғаса берсін!
https://www.instagram.com/reel/DRvrcAVCDVo/?igsh=Mzcyb2Y3czFzdjRv




