ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Руханиятқа сапар – кітапқа құрмет

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген дана халқымыздың нақыл сөзінің мәнін тағы бір мәрте терең сезіндік. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасына жасалған танымдық сапар оқушылар үшін тағылымы мол, әсерлі кездесу болды.

Мақсаты:Ұлттық құндылықтарымыздың асыл қазынасы – кітапқа құрмет көрсету, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараның тәрбиелік маңызы зор.

Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы. Сапар барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен, рухани-мәдени мұралармен танысып, кітапхананың заманауи мүмкіндіктері мен цифрлық жүйелері туралы мол мағлұмат алды. Бұл олардың таным көкжиегін кеңейтіп, кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

Кажыбаева Жазгүл оқушыларға кітапхананың жұмысымен таныстырып қана қоймай, кітап оқудың маңызын, білімнің адам өміріндегі орнын әсерлі түрде түсіндірді. Балалар жақсы кітаптың адам жанына азық беретінін ұғынып, кітаппен достасудың құндылығын сезінді.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген құштарлығының артуына және кітап оқуға деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына зор ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/DZpc7d1o3wb/?igsh=b21zYzNnYm80dDlj 

© 2026. Все права защищены.