«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Қазақтың тілі – Қазақтың жаны» атты әдеби сағат өтілді. Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді оята отырып, мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру. Оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттың болмысын танытатын баға жетпес құндылық. Адам баласы өз ойын, сезімін, тарихын және мәдениетін ең алдымен тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан ана тілін сақтау мен дамыту – әр азаматтың ел алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.
https://www.instagram.com/reel/Dc3U9xZOnW4/?stkn=MXF3MGVqc2x3cjM4dQ==





