«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Абайлаңдар, балалар!» атты қауіпсіздік сағаты өтілді. Мақсаты — оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға жол белгілері, бағдаршамның түстері, жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар жолда мұқият болу, жолдан өтер алдында екі жаққа қарау және жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігі ескертілді.
https://www.instagram.com/reel/DeRhDYqu6aO/?psln=MWxlanZpbWo4eTVydg==




