ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылғы 15 қазанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдық мерейтойына және «Бір ай – бір кітап» акциясына орай 7 «А» және 7 «Б» сынып оқушылары арасында «Әдеби брейн-ринг» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайыс барысында оқушылар жазушының «Жусан иісі» және «Жабайы алма» шығармалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, әдеби білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті.
Іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі – оқушылардың «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері Аянға хат жазуы болды. Оқушылар хаттарында кейіпкердің тағдырына деген жанашырлықтарын білдіріп, жүрекжарды тілектері мен ізгі ниеттерін жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, көркем шығармаларды терең түсінуге баулу және Сайын Мұратбеков туындыларының тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Осындай тағылымды әдеби іс-шаралар оқушылардың рухани дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық әдеби мұрамызды дәріптеуге ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/Delga5ku6nC/?srtk=YjVoaTR5YnhvZTgz

© 2026. Все права защищены.