«Қақпақшалар» - қамқорлыққа жасалған қадам!*«Қамқорлық» жобасы аясында 3 «А» сыныбында «Қақпақшалар» жинау акциясы ұйымдастырылды.*Мақсаты:* Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу, пластик қақпақшаларды қайта өңдеу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге атсалысу.
Балалар үйден, мектептен жинаған қақпақшаларды бірге жинап, үлкен іске өз үлестерін қосты. Кішкентай қақпақша - үлкен қамқорлық! Сынып жетекшісі Узыханова М. А.





