«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай мектебімізде 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» тақырыбында медицина маманымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шарбақты аудандық ауруханасының дәрігері Жумасилова Меруерт Ерасылқызы арнайы шақырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы білімдерін кеңейту, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында медицина маманы тақырыпты жан-жақты ашып, оқушыларға түсінікті тілмен мазмұнды әрі пайдалы ақпарат берді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында жоғары деңгейде өтті.
Кездесу соңында Меруерт Ерасылқызы мектеп бітіруші түлектерге ақыл-кеңесін айтып, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсуіне және болашақта білікті маман атануына сәттілік тіледі.
Мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізіп, оқушыларымызға пайдалы ақпарат пен жігер беретін жылы лебізін жеткізген Меруерт Ерасылқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Дені сау ұрпақ – ұлттың жарқын болашағы!
https://www.instagram.com/reel/DgMi-GHOZg5/?bqrl=MWJhNXdubHNmMGx5Ng==




