"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының "Даналық мектебі" және "Балалар кітапханасы" жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары мен ауылымыздың ақжаулықты әжелерімен "Әжемнің өнегесі" атты тақырыбында кездесу өтті. Бұл кездесуде ақжаулықты әжелеріміз балаларға ертегілер айтып, оның мән — мағынасын түсіндіріп өтті.Әңгіме барысында ертегілердің түрлерін ажыратып, қай ертегі қандай жанырға жататыны түсіндірілді.Оқушылар белсене қатысып өз ойлармен бөлісті,өте қызықты рухани азық алды.





