ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

    2025 жылдың 5 мамырында мектебімізде жүрекке жігер, санаға сәуле құятын тағылымды да тәрбиелік мәні зор «Ерлік — елге ұран, ұрпаққа өнеге» атты ерлік сабағы өтті. Бұл тағылымды шараға ұлағатты ұстаз, ардагер педагог Қ.Ш. Шакаманова арнайы қонақ болып қатысып, Ұлы Отан соғыс ардагері, Шарбақты ауданы, Арбиген ауылының құрметті азаматы Шакаманов Бектемір атамыз жайлы, Рахымжан Қошқарбаев туралы және басқа да соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлері жөнінде сыр шертіп, өнегелі әңгімелерімен оқушылар жүрегіне жол тапты.

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті сіңіру, Отан алдындағы борышты терең сезіндіру, аталарымыздың ерлік істерін мақтан тұтып, сол даңқты жолды лайықты жалғастыруға үндеу. Сондай-ақ, оқушыларды рухы биік, адами қасиеттерге бай, ел тағдырына бейжай қарамайтын нағыз отансүйгіш тұлға етіп тәрбиелеу – осы игі бастаманың темірқазығы болды.

Бұл күн – елдің ертеңі болатын жас буынның жүрегіне рух дәнін еккен, тәрбиелік мәні терең, әсері мол тағылым сабағына айналды.

ерге

© 2025. Все права защищены.