2025 жылдың 6 мамырда мектебімізде Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс діңгегі» атты гүл егу шарасы өтті. Бұл шараның мақсаты – оқушыларды Отан тарихына деген құрметке, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу. Балалар өз қолдарымен мектеп ауласын гүлдендіріп, ардагерлерге деген алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Жас ұрпақтың осындай игі істері арқылы Жеңістің рухы мен маңыздылығы ұмытылмай, келер буынның жүрегінде сақталады. Гүлзарға егілген әр гүл – бейбітшілік пен батырлықтың символы іспеттес. Шараға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар да қолдау көрсетіп, барлығы бірігіп жарқын естелікке айналған күнді өткізді.





