"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 1—11 сыныптарда "Білімім —Отаныма" атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой — өрісін, дүние — танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды, мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету. Туған елін, жерін, Отанын құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.







