- Балалар арасында патриоттық сезімді жандандыру
-Балаларды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберліктерін көрсете білуіне көмек беру
-Мектебіміздің талантты балаларын таныту
Бүгінгі күн өте қызықты да тартымды өтті. Балалар белсене қатысты. «Қыран», «Болашақ», «Балдаурен» топтарындағы балалар өз өнерлерін ортаға салды. «Талантты бала» тек ән және бимен шектеліп қана қоймай, ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқуды да нақышына келтіріп оқып берді.
«Жаншуақ» лагеріндегі демалушылардың бірі Айтықбай Ақарыс «Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзін» жатқа мәнерлеп айтып шықты. Ағайынды Ермуратов Елназар мен Елнур «Жақсы көрем атамды, жақсы көрем әжемді» әнін жоғары деңгейде орындап берді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Антошка» биін билеп шықты.
Лагерь балаларының бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын да қызықты іс. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Кешіміздің соңы көңілді бимен аяқталды.