ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

«Өнер алды – қызыл тіл» демекші, бейіндік «SөzLab» үйірмесінің жас ізденушілері жақында тағылымы мол, танымдық сапарға аттанып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ драма театрына барды. Бұл игі бастаманы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахад Әмина жүзеге асырды.

Театр – тәрбие мектебі, рухани жаңғырудың ордасы. Осы орайда балалар көркем сөздің құдіретіне қанығып, тіл мәдениеті мен сөйлеу өнерінің қыр-сырына бойлады. «Тіл – адам жанының айнасы» десек, оқушылар сахна төрінен сол жанның терең иірімдерін тануға мүмкіндік алды.

Сапар барысында балалар сөйлеу мәнері, сөз қолдану шеберлігі, актерлік шеберлік пен сахналық тіл туралы тың ақпараттарға қанығып, театр әлемінің тыныс-тіршілігімен танысты. «Көпті көрген көмбенің көзі ашық» демекші, кәсіби мамандармен жүздесіп, сөз өнерінің шынайы құндылығын жүрекпен сезінді.

Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың тек тілдік қабілетін дамытып қоймай, ұлттық рух пен мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. «Білгенге маржан, білмеске арзан» демекші, «SөzLab» үйірмесінің бұл сапары балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, тілге деген құрметін нығайтты.

Биылғы бейіндік лагерь аясында ұйымдастырылған оқушылардың саяхат сапарлары сәтті өтуіне КХ «Алишев», ТОО «Болашақ» (Сейтахметов Қ.Т.),
ИП Жусупов (Жусупов Азамат, маг. «Рахмет»), Шарбақты ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры К. Кулумбенов, КХ «Назарали» (Азаматов Нұржан Қанатұлы), Шарбақты ауданы полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығы полиция майоры Павел Өзгеріс , «Нұраналар әлемі» ҚБ демеушілік көрсетті.
Осындай үлкен қолдау білдірген азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DK9Z9lQIvxz/?igsh=b3lvb3dqdml5YWUw

 

© 2025. Все права защищены.