Павлодар қаласына сапарды ұйымдастырған тарих жанашыры,ежелгіні сақтаушы-Абдугалиева Айнаш Айтбайқызы.
Иә, ұлттық рухымыздың бір тармағы — ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар ол – музейлер екені анық. Бұл киелі орындар – халқымыздың жүріп өткен жолының, дәстүрінің, рухани болмысының тірі куәсі.
Бүгінгі таңда халқымыздың ұлттық санасы оянып, тарихи құндылықтарға деген қызығушылығы артуда. Музейлер – тарихи құндылықтардың көзіне айналған баға жетпес рухани байлық. Оны танып-білу – әр азаматтың парызы.
Мақсатымыз – ұрпақтың санасына өткеннің өнегесін, бабалар рухын сіңіріп, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DLAHmuioHp7/?igsh=MTkxZTNxN2tuODBlbg==