2025 жылғы 16 қазан күні мектебімізде «Дәмді және пайдалы: дұрыс тамақтану ережесі» тақырыбында жалпы мектепішілік іс-шара өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай ұйымдастырылды.
Шараға 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы мазмұнды әрі қызықты ақпараттармен танысты.
Аталған тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын Шарбақты ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қойбағарова Гүлайна Бекенқызы және мектептің медбикесі Абишева Үміт Ахатовна жүргізді. Олар салауатты өмір салтының негізі – дұрыс әрі теңгерімді тамақтану екенін кеңінен түсіндіріп, оқушыларға пайдалы кеңестер ұсынды.
Іс-шара өте мазмұнды өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.





