2025 жылдың 5 қарашасында мектебіміздің оқушылары Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде қолөнер шебері Лариса Ечкалованың «Өмірдің әсем бояулары саған арналады» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты. Көрмеде ұлттық нақыштағы, қазақтың бай мәдени мұрасын айшықтайтын ою-өрнектермен безендірілген ерекше бұйымдар ұсынылды. Шебердің әр туындысы жылулық пен ізгілікке, туған мәдениетке деген сүйіспеншілікке және халық шығармашылығының дәстүрлерін сақтау ниетіне толы екені айқын сезілді.
Оқушылар Лариса Ечкалованың шығармашылық еңбегімен жақын танысып, қолөнер бұйымдарын жасау тәсілдері туралы көп мағлұмат алды. Көрмеден алған әсерлері зор — олар ұлттық өнердің тереңдігін сезініп, шабыт пен рухани қуат алып қайтты.





