ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Адалдық – адамның ең асыл қасиеттерінің бірі. Адал адам әрқашан шындықты ту етіп, өз ісінде әділдік пен жауапкершілікті сақтайды. Адалдық – адам бойындағы рухани тазалықтың, ішкі мәдениеттің көрінісі.
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Адалдық – адам айнасы» атты бейнеролик түсірілді. Бұл бейнероликте оқушылар күнделікті өмірден алынған түрлі көріністер арқылы адалдықтың маңызын, оның адам өміріндегі орнын көрсетті. Олар өз ойын көрерменге әсерлі жеткізіп, әрбір адамға адал болудың өмірдегі басты ұстаным екенін насихаттады.
Бейнероликтің негізгі идеясы – «Адалдық – адамды биіктететін қасиет» екенін ұғындыру. Адам адал болғанда ғана ел сеніміне ие болады, қоғам дамиды. Оқушылар бұл туынды арқылы өз қатарластарына үлгі болып, адалдықты өмірлік қағида етуге шақырады.
Қорытындылай келе, адалдық – адамның айнасы, рухтың тазалығы мен ізгіліктің бастауы. Әр адам осы қасиетті жүрегіне ұялатса, біздің қоғамымыз мейірімді, әділ әрі берекелі болары сөзсіз.
Сценарийін жазған: Данкина Н.К.
Ұйымдастырған: Камелева Ж.М. 

https://www.instagram.com/reel/DQ1TNbHCCIN/?igsh=aTV5MmlsN2E0Ym9v

© 2025. Все права защищены.