Мектебімізде қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 3–4 сынып оқушылары арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Оқушылар «Теңге», «Дұрыс таңдау», «Үнемдей біл», «Бюджет құру» секілді бөлімдер бойынша өз білімдерін шыңдап, ой қорыту, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Шара барысында балалар ақша айналымы, үнемдеу, қажеттілік пен қалауды ажырату, жауапты қаржылық мінез-құлық туралы қызықты тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты.
Зияткерлік ойын оқушылардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, қаржылық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DRMwSwRCF_K/?igsh=MXhvcmNrcnphd280Ng==




