«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес мектебімізде 2025 жылдың 20 қарашасында «Күй күмбірі: күйді көркемдеп бейнелейік» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ұлттық өнерге қызығушылықты арттыру, оқушылардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, күй әуенін түсініп, оны көркем бейне арқылы жеткізе білуге баулу.
Байқауға 5–9 сынып оқушылары белсене қатысып, әрқайсысы күйдің мәні мен әуенін өз қиялы арқылы қағаз бетіне түсірді. Жұмыстардың барлығы ерекше, мазмұнды әрі шығармашылыққа толы болды.
Төменде конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Бас жүлде: Серікбаева Диана – 9 «А» сынып
1 орын:Нұрдыбек Айшуақ – 7 «А» сынып
2 орын:Қуатәлі Нұрсылан – 5 «А» сынып, Бақтиярұлы Омар – 5 «Б» сынып
3 орын:Ырысбек Даурен – 5 «А» сынып, Сапарғали Еркежан – 5 «Б» сынып, Жанатбек Жайдар – 6 «А» сынып
Арнайы номинациялар:«Көркем өрнек шебері» – Байдолда Батыржан -6 «А» сынып, «Шығармашылық шеберлігі» – Балжанова Дильназ -5 «Б» сынып
Алғыс хат: Нұрдыбек Өмір – 5 «А» сынып, Дисенов Шахнұр – 6 «А» сынып.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шабытты еңбегі үшін алғыс айтамыз! Өнерге деген құштарлықтарыңыз арта берсін!
https://www.instagram.com/reel/DRSH6SkiEHH/?igsh=M2lydzdjcGUyYWQ=




