«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Камелева Ж.М., Серігхан А., Дәлелхан К. ұйымдастыруымен С. Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазыналы қаламгер» атты ойын-викторина өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің шығармашылық мұрасын насихаттау, оқушылардың көркем шығарманы түсіну, талдау және есте сақтау қабілетін дамыту, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.
Викторина барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармаларына байланысты түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, мәтіндік үзінділерді таныды, кейіпкерлерді анықтап, мазмұндық тапсырмаларды орындады. Ойын формасында өткен бұл шара оқушылардың белсенділігін арттырып, топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сайыс қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, белсенді қатысқандарға алғыс білдірілді. Жалпы, өткізілген шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, С. Бегалиннің қазыналы мұрасын тереңірек танып-білуге ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DRTU8zoiPWh/?igsh=Y2E4cWZubm4xaGtx




