Ағымдағы жылдың қараша айының жиырма бірі мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты ашық микрофон ұйымдастырылды. Іс-шараға бастауыш сынып және орта буын оқушылары қатысып, бір апта бойы жасаған ізгі істерімен бөлісті.
Оқушылар өздерінің мейірімділікке толы әрекеттерін айтып, бір-бірін жақсылыққа шақырып, жылы атмосфера қалыптастыра алды. Бұл шара балалардың бойында қамқорлық, жанашырлық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DRUQk6siKSC/?igsh=MWNvbjhlZmNjMmhqbg==




