“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған “Адал жүректі еріктілер жасағы” жобасы бойынша 9 «Б» сынып оқушылары өз бастамалары арқылы «Алғыс айту» тапсырмасын үлкен жауапкершілікпен орындады.
Оқушылар бұл игі шара барысында мектептің әрбір ұстазына жүрекжарды жылы лебіздері мен шынайы алғыстарын білдіріп, мейірім мен ізгілікке толы атмосфера қалыптастырды. Олар ұстаздардың еңбегін құрметтеп, адамгершілік пен риясыз алғыс айту мәдениетін көрсете білді.
Осындай қайырымды істе белсенділік танытып, ұйымшылдық көрсеткен 9 «Б» сынып оқушыларына және оқушылардың бастамасын қолдап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырған сынып жетекшісі Тұмар Маралұлына зор алғысымызды білдіреміз!Бұл шара оқушылардың бойында жауапкершілік, сыйластық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DRv3czLCFgB/?igsh=MWQ0Y3JtZWZrY21wbg==




