2025 жылғы 15 желтоқсанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік тарихы – халық тарихы. Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбында барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты Қазақстан халқының тәуелсіздікке жету жолын бейнелейтін, ел тарихындағы маңызды кезеңдерді қамтыған мазмұнды бейнеролик көрсетуден басталды. Бейнеролик арқылы оқушылар егемендікке қол жеткізудің маңызы мен құндылығын тереңірек түсінді.
Іс-шараның негізгі бөлімінде мұғалімдер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихына кеңінен тоқталып, мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызын түсіндірді. Оқушылар тақырып бойынша белсенді пікір алмасып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.
Тәрбие сағаты оқушылардың отансүйгіштік сезімін нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеуге бағытталды.
https://www.instagram.com/p/DSXuyzniCj3/?img_index=5&igsh=ZXd1MzRldTMyenp5





