2025 жылғы 17 желтоқсан күні мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Кеңестің №4 отырысы өткізілді.
Отырысқа комиссия құрамындағы жауапты тұлғалар қатысып, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
🔹 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣ Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі тәртібі
Сабаққа кешігу, сабаққа қатысу, сабақ кезінде рұқсатсыз бос жүру, үзіліс кезіндегі тәртіптің сақталуы туралы мәселелер қаралды.
2️⃣ Мектеп жарғысы мен бірыңғай мектеп формасын сақтау
Мектеп формасын кию талаптары, оқушылардың сыртқы келбет мәдениеті, шаш үлгісі мен жинақтылығына ерекше назар аударылды.
3️⃣ 8 «А» және 6 «А» сынып оқушыларының тәртібі
Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ жекелеген оқушыларға қатысты ата-аналармен атқарылған іс-шаралар талқыланды.
4️⃣ Қауіп факторларының алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, буллинг, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік сынды қауіп факторларына жан-жақты талдау жасалды.
Отырыс қорытындысы бойынша оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды.
https://www.instagram.com/reel/DSXv0T9iCBj/?igsh=a3dweHJuMDZzdXJu




