2026 жылғы 19 қаңтарда 10-11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, «Мирас» жобасы аясында
«Тәртіпке бағынған – елге қызмет етеді» тақырыбында тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» республикалық айлық жоспарын жүзеге асыру мақсатында
«Заң мамандықтары» тақырыбында Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығының жеке құрамымен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Абдулхамидов Нурлан Абдулхамидұлы қатысты.
Кездесу барысында бірінші тақырып бойынша Аязбаева Д.Қ. баяндама жасап, оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіптің қоғамдағы маңызы мен азаматтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
Екінші тақырып аясында «Заң мамандықтары» бойынша мазмұнды видеоролик көрсетіліп, полиция подполковнигі Абдулхамидов Н.А. құқық қорғау саласындағы мамандықтар, полиция қызметінің ерекшелігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болашақта заң саласын таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме берді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпке құрметпен қарауға, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DTr-x3BCAS5/?igsh=MXNscGxnMjhrNXk1dw==




