Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы құндылыққа негізделген ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.
Осы бағдарлама аясында әзірленген брендбук – тек көрнекілік емес, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, әділдік сияқты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын маңызды құрал. Бірыңғай визуалдық стиль, үйлесімді түстер палитрасы мен мазмұнды дизайн элементтері мектеп кеңістігін тәрбиелік мәнге толы ортаға айналдыруда.





