2026 жылғы 2 ақпанда мектебімізде
«Құқықбұзушылықтың алдын-алуда мектеп пен отбасының өзара байланысы»
тақырыбында мазмұнды әрі маңызды ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа ауданымыздың әр саладан келген білікті мамандары қатысып, ата-аналармен ашық әрі пайдалы әңгіме өрбітті:
Аязбаева Дана Қайратқызы – Шарбақты ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, Дулатов Қуат Дулатұлы – аудандық орталықтандырылған аурухана бас дәрігердің орынбасары, Қасымханова Толғанай Жасқайратқызы – дәрігер инфекционист, Тыныбек Бағдан Саматқызы – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі.
Кездесу барысында бала тәрбиесі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды:
✔️ Ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығы, баланы бірлесе қолдау
✔️ Балалардың үйде, мектепте және көшеде қауіпсіздігін қамтамасыз ету
✔️ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
✔️ Түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу, ата-аналардың жауапкершілігі
✔️ Компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің алдын алу, ата-аналық бақылау
✔️ Киберқауіпсіздік: интернет-алаяқтықтан сақтану, балаларды онлайн қауіптен қорғау
✔️ Ерте жүктіліктің алдын алу
✔️ Вакцинацияның маңызы
✔️ Баланың өмір қауіпсіздігі: аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу
✔️ Психологиялық қолдаудың маңыздылығы
✔️ Оқушыларды қосымша біліммен, үйірмелермен және секциялармен қамту. Бұл кездесу — ата-ана мен мектептің бір мақсатта, бір бағытта әрекет еткенде ғана баланың жарқын болашағын қалыптастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік!
https://www.instagram.com/reel/DUTEHOCiF_i/?igsh=bTQzN3U5bmlvMXFr




