17 наурыз – «Шаңырақ күніне» орай мектебімізде «Наурыз – отбасы ортасында» атты отбасылық фотоколлаж ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті нығайту, ұлттық тәрбиені насихаттау болды.
Шара барысында әрбір сынып оқушылары өз отбасыларының ең жарқын, ең бақытты сәттерінен сыр шертетін фотосуреттерін ұсынып, ерекше белсенділік танытты. Әрбір фотоколлаждан жылулық, татулық пен бірлік сезімі айқын көрініс тапты.
Отбасы – әр адамның тірегі, мейірім мен махаббаттың алтын ұясы. Осындай игі шаралар арқылы оқушыларымыз өз отбасының қадір-қасиетін тереңірек түсініп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді.
https://www.instagram.com/p/DWA9CQpCG5l/?igsh=MXJ0Y3g0dm9zN3Bw






