Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес, 19 наурыз – «Жаңару күніне» орай «Гүлденсін туған жер» атты гүл отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Биология пәнінің мұғалімі Л.М. Музанованың жетекшілігімен 5 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары бұл игі істі үлкен ынтамен бастап кетті.
5 «А» сынып оқушылары жаз мезгілінде отырғызу үшін дала гүлдерінің тұқымдарын сеуіп, табиғаттың жаңаруына өз үлестерін қосты. Ал 8 «Б» сынып оқушылары мектеп ішін көркейту мақсатында гүл – атростигін егіп, сынып бөлмелерінің эстетикалық келбетін жақсартуға атсалысты.
Шара барысында оқушылар еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, әрбір отырғызылған гүлге ерекше қамқорлықпен қарады. Олар өсімдіктерді күтіп-баптаудың қыр-сырын меңгеріп, табиғатты қорғау мен аялаудың маңызын терең түсінді.
Бұл игі бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті. Табиғатпен үндестікте өмір сүруді насихаттайтын мұндай шаралар жас ұрпақтың санасына ізгілік пен жанашырлық қасиеттерін сіңірері сөзсіз.
Алдағы уақытта егілген гүлдер жайқалып өсіп, мектеп ауласы мен ішкі көрінісін одан әрі көркейтіп, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтынына сеніміміз мол.
https://www.instagram.com/reel/DWD_D0tCP8z/?igsh=aXQyZW9xNjN3OGJ5




