Армысың, әз Наурыз!
Біздің мектепте орта және жоғары буын оқушылары үшін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара 5-11 сыныптар аралығында өтті! Наурыз – тек көктем мерекесі емес, ол жаңару, татулық, достық пен бірліктің символы. Табиғат тіріліп, әр шаңыраққа жылылық пен шуақ сыйлайды.
Шара барысында:
Ұлттық дастархан таныстыру – әр сынып дәстүрлі тағамдар мен олардың мәнін таныстырды.
Салт-дәстүр көріністері – «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Бата беру», «Шашу шашу» сияқты қойылымдар арқылы ата-бабамыздың даналығын паш етті.
Концерттік бағдарлама – аудандық мәдениет және мектеп оқушыларының қатысуымен тамаша өнер көрсетілді.
Ұлттық ойындар – оқушылардың батылдығы мен тапқырлығы көрерменді тәнті етті.
Мерекелік шараға белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген оқушылар мен сынып жетекшілерін марапаттадық.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әз Наурыз әр шаңыраққа бақыт, береке және молшылық әкелсін!
https://www.instagram.com/reel/DWV6cXyiPab/?igsh=MTQ1OHNvZWdodHQ4bQ==




