2026 жылғы 30 наурызда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 1–11 сыныптарда «Біз таңдаған кітаптар» тақырыбында сынып сағаттары және қауіпсіздік сағаттары өткізілді.
Аталған сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар өздері таңдаған кітаптары туралы ой бөлісіп, кітап кейіпкерлері туралы пікірлерін білдіріп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, түрлі танымдық тапсырмалар, сұрақ-жауап жұмыстары, пікірталастар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Қауіпсіздік сағаты барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық жағдайда сақтық шараларын сақтау, көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екені түсіндірілді.
https://www.instagram.com/p/DWhAfT4DseW/?igsh=ajY5d2FxbGF5NzBj




