Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біз әртүрліміз, біргеміз» тақырыбында №31 «Шұғыл қызмет нөмірлері» бағытында 1–11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда жедел қызмет нөмірлерін дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысып, өзара сыйластық пен достықтың мәнін ұғынды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызмет нөмірлері туралы білімдерін кеңейтті.
Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақты бірлікке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулуға бағытталған.
https://www.instagram.com/p/DXq_gfAiCrM/?igsh=cHYwNDR3bGdtam5q




