ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылғы 29 сәуір күні мектебімізде 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары» атты көрме ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушыларды әртүрлі ұлттардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен және ұлттық тағамдарымен таныстыру, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайту, толеранттылыққа тәрбиелеу.
Көрме барысында әр сынып өзіне бекітілген ұлттың 1–2 ұлттық тағамын дайындап, дастархандарын ұлттық нақышта безендірді. Оқушылар тағамдардың шығу тарихы, дайындалу ерекшелігі мен маңызы туралы мазмұнды таныстырылым жасап, өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетті.
Әрбір сынып ерекше дайындықпен келіп, ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін және дастархан мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Көрме соңында барлық қатысушылар номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, достық пен бірлікті нығайта түседі.

https://www.instagram.com/reel/DXwe-gYIdGO/?igsh=ZnE2a2hkcHRybDhx

© 2026. Все права защищены.