ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

Шарбақты а.
8-718-3-622652
abaya@cherbroo.edu.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің

«Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Средняя общеобразовательная школа имени Абая Кунанбаева» отдела образования Щербактинского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектебіміздің ұстаздарының қатысуымен тағылымы терең, мәні айрықша құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің басты мақсаты – кең байтақ елімізде өмір сүріп жатқан сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты дәріптеу, бірлік пен ынтымақтың асыл құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Шара барысында қатысушылар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, олардың мәдениеті мен салт-дәстүріне деген зор құрметін көрсетті.
Бұл челлендж – тамыры тереңге жайылған достықтың, жүректерді жақындастырған сыйластықтың, ортақ шаңырақ астындағы берекелі бірліктің жарқын айғағы болды. Әрбір қатысушының ықыласы мен шынайы ниеті көпұлтты еліміздің татулығы мен келісімінің көрінісін айшықтай түсті.
Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша ұлт өкілдерін осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, ынтымақ пен бірлік мәңгілікке жалғаса берсін деп тілейміз. Ортақ Отанымыз – Қазақстанның көк байрағы биікте желбіреп, болашағы нұрлы, келешегі кемел болсын!

https://www.instagram.com/reel/DXwfSsHIWpR/?igsh=NjlhbDlydGw5aW0y

© 2026. Все права защищены.