2026 жылғы 5 сәуірде Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертіміз еліміздің Қарулы Күштері қызметкерлеріне, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған айбынды ер азаматтарға және болашақта ел қорғаны болуға дайындалып жүрген мектебіміздің жас ұландарына арналды.
Аталған мерекелік кешке арнайы білім беру бөлімінің басшысы Д.Қ. Нұрсейітов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Султанов А.Б., «Аманат» партиясы ҚБ өкілі Жанабаев А.Т., мәдениет саласының басшылары Қабдрашитов А.К., Джанаев А.Т., сондай-ақ Шарбақты (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімшесінің, Дархан шекаралық бөлімшесінің, Шарбақты (автомобилдік) шекаралық бақылау бөлімшесінің және полиция бөлімінің қызметкерлері шақырылды.
Концерт барысында оқушылар мен педагогтер қауымы өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқалып, әсерлі көріністер ұсынылды. Бұл шара жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға зор ықпал етті.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматтарға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына амандық тілейміз. Еліміздің іргесі берік, аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Жас ұрпақ ел қорғаны болып, Отанымыздың абыройын асқақтата берсін!






