9 мамыр – Жеңіс күніне арналған жоспарға сәйкес мектебімізде «Жеңіс көктемі» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, батыр бабаларымыздың ерлігіне құрмет көрсету және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар Жеңіс күніне арналған патриоттық өлеңдерді жатқа мәнерлеп айтып, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді. Өлең жолдары арқылы соғыс жылдарындағы ерлік, ел бірлігі, батырлардың жанқиярлығы мен бейбіт өмірдің құндылығы кеңінен насихатталды.
Челленджге қатысқан оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттері мен көркем оқу шеберліктерін көрсетті. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық рухын нығайтуға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DYHyplNgPLP/?igsh=MTY2amRpYjJycnZiNQ==




