Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Ғабдул Уахит хазірет кесенесіне барды. Танымдық экскурсияны Шарбақты аудандық білім бөлімінің басшысы Дәурен Қалдыбайұлының қолдауымен тарих пәнінің мұғалімі Айнаш Абдугалиева, аға тәлімгер Зоя Шаку, белсенді педагог Салтанат Макишева ұйымдастырды. Сапар барысында балалар қасиетті орынның тарихымен танысты. Тарихи, құнды мәліметтерге қанықты. Қарағайлы орман, әсем табиғатпен үйлесім тапқан кесене оларға ерекше әсер қалдырды.Танымдық экскурсия оқушылардың туған жер тарихына қызығушылығын арттырды. Мұндай іс-шараның табиғатты аялауға, рухани құндылықтарды құрметтеуге ықпалы зор.
https://www.instagram.com/reel/DZu1m93oiAr/?igsh=MXF4cmpsZjNsOTRxOQ==




